Жарнама
Жарнама

Түрік футболын жемқорлық түтіп бітті

27.07.2011, 19:46
Жарнама
Жарнама
Түрік футболы жемқорлықтың зардабын көріп жатыр. Өткен маусымда бірнеше клубқа өзара келісілген кездесу өткізді деген айып тағылған болатын. Сол мәселеге қатысты бүгінге дейін 60- қа жуық адам қамауға алынды. Ал Түрік футбол федерациясы мәселе түбегейлі шешілгенше біріншілікті бір айға кейінге қалдырды. Бастапқыда чемпионат 6- тамызда басталатын болған. Алайда футбол төңірегіндегі дау-дамай жақын арада біте қояр түрі жоқ. Жаңа маусым қыркүйектің 9- на жоспарланып отыр. Естеріңізге сала кетсек стамбулдық «Фенербахченің» қожайындары бірнеше кездесудің тағдырын ақшамен шешкені әшкереленіп кейін, араға полиция араласқан. Егер стамбулдық клубтың айыбы дәлелденсе, онда олар чемпиондар лигасына қатысу құқығынан айырылады. КТК
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров