Аббосбек Файзуллаев - “Истанбул Башакшехир” намысын қорғайтын болады.
Стамбұл ұжымы өзбек ойыншысы ЦСКА-дан 7,5 млн еуроға сатып алды. Осылайша Аббосбек “Истанбул” тарихындағы ең қымбат трансферінің көшін бастады.
“Башакшехир” клубының ең қымбат трансферлері:
1.Аббосбек Файзуллаев - 7,5 млн еуро - ЦСКА-дан
2.Дженгиз Ундер - 4,8 млн еуро - “Алтынорда”
3.Равиль Тагир - 3 млн еуро - “Алтынорда”
4.Эльдор Шомуродов - 3 млн еуро - “Рома”
5.Джуниор Кайсара - 3 млн еуро - “Шальке”
6.Энцо Кривелли - 2,7 млн еуро - “Кан”
7.Озджан - 2,5 млн еуро - “Гамбург”
8.Эдин Карзев - 2,3 млн еуро - “Маккаби” Нетания
9.Юсуф Ндайшими - 2,1 млн еуро - “Эни Малатьяспор”
10.Кшиштоф Пентек - 2 млн еуро - “Герта”
Түрік командасы Аббосбекпен 5 жылдық келісім шартқа отырды. Өзбекстан құрамасы ойыншысы жаңа ұжымда 11 нөмірмен өнер көрсетпек.
Айтпақшы, “Истанбул” командасы тарихының рекордтық трансферлері қатарында Тараз тумасы Равиль Тагирде жүр екен. 22 жастағы ойыншы Стамбұл клубына 2019 жылы "Алтынордадан ауысып барды. Қазірде ойыншы “Аль-Джазира” қатарында жалға өнер көрсетуде.
Тагир Таразда туылды дегені болмаса, жастайынан Түркияда өсіп-өнді
Біздің серіктес: FONBET