Жарнама
Жарнама

Түркия әлде Италия? Уэльстің алдында Нұралы Әліп мансабына байланысты маңызды ақпаратпен бөлісті

03.09.2025, 17:18

Қазақстан құрамасы мен «Зениттің» қорғаушысы Нұралы Әліп Уэльске қарсы ойын алдындағы баспасөз-мәслихатына қатысып, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

Нұралы Әліп
Жарнама
Жарнама

Санкт-Петерборлық ойыншы өзінің мансабы жайлы да тілге тиек еткен.

«Әрбір ойыншы өзінің деңгейін көтеру керек. Біздің футболшылардың басқа чемпионатқа барғанын қалаймын. Мықты-мықты лигаларда ойнауларына тілектеспін. Дастан Сәтпаев «Челсиге» барды. Сондай ойыншылар көп болса деп тілеймін. Ал өзіме келер болсам, ұсыныстар тікелей маған түспейді. Осыған дейінгі мәселелердің барлығын Қайрат Советайұлы шешіп келді», - деді Нұралы Әліп.

Нұралы Әліп ертең Қазақстан құрамасымен бірге ӘЧ-2026 іріктеуінің аясында Уэльске қарсы тұрады. Сондай-ақ, ұлттық команда 7-қыркүйекте Бельгиямен күш сынаспақ.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров