Жарнама
Жарнама

Түркияда Өзбектер бір матчта қатар гол соқты

30.11.2025, 08:23

Түркия Супер лигасының 14-турында Нури Шахин басшылығындағы "Стамбул Башакшехир" клубы   сырт алаңда "Касымпашаны" 3:1 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды, Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Бұл жеңіске Өзбекстандықтар - Эльдор Шомуродов пен Аббосбек Файзуллаев зор үлес қосты.

Ойынның 26-минутында Аббосбек Файзуллаев  айып добынан керемет гол соғып, есепті ашты (1:0). Бірінші таймға қосылған уақытта (45+4) Амин Арит екінші голды соғып, командасының айырмашылығын екі допқа арттырды.

Екінші таймда ойын шиеленісті. Алдымен Дэви Зельке қызыл қағаз алып, "Башакшехирді" бір адамға кем қалдырды. Осыдан шабыттанған "Касымпаша" 79-минутта Адам Арустың голымен есепті қысқартты (2:1). Бірақ қосымша уақытта (90+3) екінші Өзбекстандық Эльдор Шомуродов қарсылас қақпасын дәл көздеп, командасының үшінші голын соғып, жеңісті нығайтты. 

Бұл жеңістен кейін "Башакшехир" ұпай санын 16-ға жеткізіп, турнир кестесінің 9-шы сатысына көтерілді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров