Қазақстан Бірінші лигасының 21-тур ойынында «Түркістан» командасы өз алаңында «Хан-Тәңірімен» кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Кездесуде екі команда да қауіпті сәттер ұйымдастырғанымен, матчтың тағдырын 84-минуттағы жалғыз гол шешті. Оны «Түркістан» ойыншысы Хасан Сабиржанов соғып, командасына маңызды үш ұпай сыйлады.
Айта кетейік, түркістандықтар осы маусымда небәрі екінші мәрте ғана жеңістің дәмін татты. Бұған дейін олар 8 маусым күні «Тараздан» 1:0 есебімен басым түскен еді.
Бұл жеңістің арқасында «Түркістан» турнир кестесінде ең соңғы орыннан бір саты көтерілді. Олардың еншісінде 9 ұпай бар. Ал «Хан-Тәңірі» 14 ұпаймен 12-орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET