Қазақстан кəсіпқой футбол лигасының президенті Олжас Абраев Түркістан қаласына маңызды сапармен келіп, «Түркістан-Арена» стадионын УЕФА-ның халықаралық талаптарына сай сертификациядан өткізді.
Әлемдік деңгейдегі талаптарға сай салынған стадионның төсеніші Канададан әкелінген және қазір арнайы мамандардың бақылауында. 7 мың орындық стадион қажетті қондырғылармен толық қамтылған.
Биыл 2-6 наурыз аралығында Қазақстан Республикасының Суперкубок ойындары «Түркістан-Арена» стадионында өтеді. Облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев жауапты мачтарды өткізуге əрдайым дайын екендіктерін жеткізді.
Еске сала кетейік, 2 наурыздан бастап 6 наурызға дейін «Астана», «Қайрат», «Шахтер» мен «Тобыл» Суперкубокті сарапқа салатын болады. Сонымен қатар биыл жаңадан құрылған «Тұран» командасының Премьер-лигадағы ойындары осы «Түркістан-Арена» стадионында өтетін болады.
Біздің серіктес: FONBET