Жарнама
Жарнама

«Түркістан Арена» УЕФА тарапынан халықаралық категорияға ие болды

11.07.2022, 16:22
Стадионда еурокубоктің іріктеу кезеңіндегі ойындарды өткізуге болады.
Жарнама
Жарнама

«Түркістан-Арена» стадионында жүргізілген тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша УЕФА-ның шешімімен спорт нысанына халықаралық «II» санат берілді, деп хабарлайды ҚФФ ресми сайты.

Еске салайық, «Түркістан-Арена» стадионы 2020 жылы салынған, ал 2021 жылдың наурызында Қазақстан Суперкубогінің матчтарын қабылдады.

Енді Түркістандағы стадион мынадай матчтарды қабылдай алады:

- УЕФА Чемпиондар лигасының, УЕФА Еуропа лигасының, УЕФА Конференция лигасының 1, 2, 3 іріктеу кезеңдеріндегі ойындар;

- жастар құрамалары (U-21) арасындағы Еуропа және әлем чемпионаттарының іріктеу және финалдық кезеңдері;

- 17 және 19 жасқа дейінгі жастар құрамалары арасындағы Еуропа және әлем чемпионаттарының іріктеу және финалдық кезеңдері;

- әйелдер командалары арасындағы Еуропа және әлем чемпионаттарының іріктеу және финалдық кезеңдері.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров