Жарнама
Жарнама

“Түркістан” командасы сырт алаңда өтетін ертеңгі ойынға дайын еместігін жеткізіптІ

Өскеменге уақтылы келмеген ұжымға Федерация тарапынан техникалық жеңіліс тағайындалмақ. 

Жарнама
Жарнама

Бүгінгі таңда Бірінші лиганың аутсайдері саналатын “Түркістан” командасы “Алтайға” қарсы ертеңгі ойынды жіберетін болды. 

Оңтүстік ұжым толықтай қаржылық тоқыраудың алдында. Команда қарапайым деген автобустың өзіңе ақша таба алмай отырған жайы бар. 

Соның кесірінен “Түркістан” ертең сағат 16:00-де “Восток” стадионында өтуі тиіс ойынға жолға шыға алмаған. Федерация болса, командаға бірден техникалық жеңіліс беруге бекініп отыр.

Айта кетейік, кезінде “Яссы” атауымен Бірінші лигада өнер көрсеткен ұжым чемпионаттың 18 турында небәрі 6 ұпай жинап, турнир кестесінде соңғы орында келеді. Ал оның ертеңгі қарсыласы “Алтай” болса, 38 ұпаймен үздік үштікті түйіндеп отыр.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: