Спорт журналисі әрі комментатор Олжас Байбосын YouTube-тегі Fonteam арнасының эфирінде Түркістан облысының әкімі жергілікті футбол клубтарының биылғы маусымдағы нәтижелеріне қатысты шешім қабылдағанын хабарлады.
Байбосынның айтуынша, облыс басшысы арнайы қаулыға қол қойып, "Арыс", "Мақтаарал", "Түркістан” және "Жетісай” командаларын тарату туралы шешім қабылдаған.
Бұл өзгерістерден кейін аймақта тек "Тұран” клубы ғана сақталып, ол келесі маусымда Бірінші лигада өнер көрсетеді.
"Мен ресми құжатпен таныстым, енді қаржыландыру тек балалар футболына бөлінеді. Бұл мақсатқа шамамен 50 миллион теңге қарастырылған." — деді Байбосын.
Біздің серіктес: FONBET