Жарнама
Жарнама

Түркия құрамасы бас бапкерімен қош айтысты

11.09.2021, 17:59
Гюнештің басшылығымен Түркия құрамасы Еуропа чемпионатында жеңістің не екенін білмей кетті.
Жарнама
Жарнама

Түркия футбол федерациясының басшылығы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің 6-турындағы матчта Нидерландыдан 1:6 есебімен жеңілгеннен кейін 69 жастағы жергілікті маман Шенол Гюнешпен қоштасу туралы шешім қабылдады.

«Ұлттық құраманың жаттықтырушысы Шенол Гюнешпен кездескеннен кейін өзара келісім бойынша келісім-шартты үзу туралы шешім қабылданды. Біз құрметті маманға оның жұмысы мен түрік футболына қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз», - делінген Түркия ұлттық құрамасының Twitter-дегі жазбасында.

6 турдан кейін Түркия 11 ұпаймен G тобында 3-орында келе жатыр. Екінші орынға Норвегия құрамасы (13) жайғасты, ал Нидерланды құрамасы (13) көш бастап тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров