Freedom Holding Corp компаниясының атқарушы директоры Тимур Турлов Қазақстан ұлттық құрамасына уәде еткен 100 млн теңгеге Семей қаласына футбол манежын салып бермек ниетте екен.
“Соңына дейін тартысқа түсіп, әдемі ойынымен көзге түскен ел құрамасына алғысым шексіз. Командаға уәде еткен қаражатқа Семей қаласынан заманауи футбол манежын салмақшымыз”, - деді Турлов инстаграм әлеуметтік желісінде жариялаған мәлімдемесінде.
Тимур Турлов Қазақстанның ең ықпалды 50 кәсіпкерінің қатарына кіреді.
35 жастағы миллиардер Қазақстанның шахмат Федерациясының президенті екенін айта кетейік.
Біздің серіктес: FONBET