26 жастағы қорғаушы Сағадат Тұрсынбай мансабын елордалық командада жалғастыратын болды.
Ел құрамасының әмбебап қорғаушысы “Жеңістің” қорғанысын күшейту мақсатында клубқа келді. Ол сол қаптал қорғаныста Фенербахче тәрбиеленушісі Микаэль Аскаровпен өнер көрсететін болады.
Жалпы Сағадат Тұрсынбай өз мансабында “Ордабасы”, “Тараз”, “Ертіс”, “Тобыл” және “Мақтаарал” командаларында доп тепкен. Барлық турнирлерді қосқанда, қорғаушы 134 матч өткізіп, 10 гол мен 5 голдық пас берген.
Жаңа командасында 26 жастағы аяқдопшы 13 нөмірмен ойнайды.
Біздің серіктес: FONBET