Бес айдан соң, Бразилияда өтетін мерекелі 20-сыншы Әлем чемпионаты басталмақ. Соған байланысты, тарих қойнауына кеткен 19 Әлем чемпионатының тарихын, естен кетпес қызықты ойындарын, атақты ойыншыларын еске түсіруді жөн көрдік. Әрине, бір мақалаға сыйғызып жазу мүмкін емес. Әр чемпионатқа бір-бір мақаладан арнауды дұрыс деп шештік.
Бәрі де 1904-шы жылы, яғни, Франция, Бельгия, Дания, Голландия, Испания және Швеция елдерінің өкілдері ФИФА атты халықаралық футбол федерациясын құруды шешкен кезде басталған еді. Әу баста, бұл ұйымның жұмысы Олимпиадалың футбол турнирін ұйымдастыру болатын. Бертін келе, 1928-ші жылы ұйымның кезекті отырысында, 2 жылдан соң, тарихта бірінші рет Әлем чемпионаты болады деп шешілді. Турнир Еуропаның мықты, Испания, Италия, Венгрия, Голландия немесе Швеция сыяқты елдердің бірінде өтілуі тиіс деп күтілген. Бірақ өтетін жер-Уругвай деп шешілді. Оған себептер: Уругвайдың соғңы олимпиаданы жеңуі, биліктің чемпионат талабына сай алаңдардың салуына уәде беруі, және ең бастысы 1930 жыл, Уругвайдың тәуелсіздік алганына 100 жыл толған болатын. Әрине, ФИФА шешімі еуропалықтардың наразылығын туғызды. Себебі олар мұхит асып, 3 апталыұ жол жүру керек. Ол кезде ұшақпен баруға мүмкіндік жоқ, тек қана кемемен. Кәрі құрлықтан тек 4 ел баруға ғана ниет білдірді. Франция, Бельгия, Румыния және Югаславия. Ал, жалпы чемпионатқа 13 команда қатысты, 4 еуропалыққа қоса, Оңтүстік Американың 7 елі, әрине ішінде Уругвай да бар, және Солтүстік Америкадан 2 ел. Бұл командалар 4 топқа бөлінді. Бір топта 4 командадан, қалған 3 топта 3 командадан. Қазіргідей емес плей-оффқа топтың тек жеңімпаздары ғана шықты. 4 команда, яғни жартылай финал.
Біздің серіктес: FONBET