Ислам Чесноков әлеуметтік желідегі Қазақстандық жанкүйерлердің ерекше қолдауы туралы айтып берді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Футболшының айтуынша, оның әрбір қадамын қалт жібермей бақылайтын жанкүйерлердің белсенділігі команда ішінде де қызу талқыға түскен.
"Көгілдір туымыз пікірлерде желбіреп тұрады"
Исламның негізгі құрамда алаңға шығуы клубтың ресми парақшаларында үлкен серпіліс тудырады екен. Бұл жағдай тіпті командаластарының арасында жағымды әзілге арқау болған:
"Командадағы жігіттер бұл тақырыпта аздап қалжыңдайды. Негізгі құрамда алаңға шыққанымда, олар: "Болды, енді пікірлер бөлімі қазақтың туына толады, әлеуметтік желі жарылатын болды деп күледі." — дейді жартылай қорғаушы.
Мұндай шектен тыс назар футболшыға ешқандай ыңғайсыздық тудырмайды. Керісінше, Ислам мұны үлкен жауапкершілік пен мақтаныш деп санайды.
"Мұндай қолдау мені қысылтпайды. Қай жерде жүрсем де, мен Қазақстанның атынан өнер көрсетіп жүргенімді жақсы түсінемін. Сондықтан отандастарымның бұл іс-әрекеті – өте орынды әрі қалыпты құбылыс.” — деп түйіндеді ол.
Біздің серіктес: FONBET