Владимир НИДЕРГАУС
ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАЛАР ДИРЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
- Жаңа бапкер 17-жасқа дейінгі жастарымыздың жаттығу жүйесін ретке келтіреді деп сенеміз. Испаниядан жаттықтырушы келіп, құрамамыз Испания секілді ойнап кетеді десек, қателесеміз. Бір күнде бола салатын дүние жоқ. Десе де, білікті маман ел футболының дамуына үлес қосады деп ойлаймын.
Испаниялық бапкермен Қазақстан футбол федерациясы 2 жылдық келісім шарт жасасқан.
Карлес БАКЕС
U-17 ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ
- Менің мақсатым – испаниялық футбол әдісін қазақстандық жастардың бойына сіңдіру. Қазақстан жастарының бір ойынын көрдім. Команданың қорғанысы шабуылға араласпайды және шабуылшылар қорғанысқа көмектеспейді. Осындай олқылықтардың бетін алып, командалық футболды орнықтыруға тырысамын.
Владимир Нидергаустың айтуы бойынша команданың ендігі негізгі мақсаты барлық турнирлерде жүлдегерлер қатарына ену. Сонымен қатар, күзде басталатын Әлем чемпионатының іріктеу турниріне дайындалу. Және сол бәсекеде жақсы нәтижеге қол жеткізу.
Карлес БАКЕС
U-17 ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ
- Қазақстанның әрбір аймағына барып жастарды өзім іріктейтін боламын. Келесі жылы бізде күнтізбе өте тығыз тұр. Каспий кубогы Қазақстан президенті кубогы секілді жарыстарға дайындалуымыз керек. Ал жылдың соңына қарай бізді іріктеу турнирі күтіп тұр.Біздің серіктес: FONBET