"Ақтөбе" қорғаушысы Уче Агбо ҚПЛ-дің 23-турындағы "Қайратқа" қарсы сырт алаңдағы матч (0:1) жайлы пікір білдірді.
Агбо алматылықтардың ойынын жоғары бағалап, өз командасының да бар күшін салғанын айтты:
"Қайрат" өз алаңында жақсы ойнады. Біз де бапкердің тапсырмасын орындауға тырыстық, мүмкіндіктеріміз болды, бірақ, өкінішке қарай, бұл жолы жеңіске жете алмадық.” – деді қорғаушы.
Сонымен қатар, Агбо бұл жеңіліс "Ақтөбенің” чемпиондық амбицияларына нүкте қоймайтынын атап өтті:
"Біз берілмейміз, әлі ойындар бар. Соңына дейін күресеміз, өз күшімізге сенеміз. Қарсыластар да әлі ұпай жоғалтуы мүмкін, сондықтан ештеңе шешілген жоқ." – деп сендірді ол.
– Legalbet.kz
Біздің серіктес: FONBET