Жарнама
Жарнама

УЕФА әлем чемпионатын екі жылда бір рет өткізу туралы шешімге қарсылығын білдірді

10.09.2021, 14:32
Егер осындай шешім қабылданса, УЕФА бұл турнирге қатысудан бас тартады.
Жарнама
Жарнама

Еуропалық футбол қауымдастығының одағы (УЕФА) әлем чемпионаты екі жылда бір рет өткізілетін болса, оған қатыспау туралы шешім қабылдауы мүмкін. Бұл туралы одақ президенті Александр Чеферин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Times газетіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Халықаралық футбол федерациясының (FIFA ) президенті Джанни Инфантино ұйымның әлем чемпионатын екі жыл сайын өткізу туралы шешім қабылдауға ниетті екенін мәлімдеген болатын. Президент мұндай шешім клубтар мен ұлттық құрамалар турнирлерінің күнтізбесін нақты анықтауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл бастаманы бұрын ағылшындық «Арсеналдың» бұрынғы бас жаттықтырушысы, қазір FIFA -ның футболды жаһандық дамыту бөлімінің басшысы Арсен Венгер халықаралық күнтізбеге талдау жасағаннан кейін көтерген болатын.

Айта кетсек, қазіргі уақытта әлем чемпионаты төрт жылда бір рет өткізіледі.

«Біз әлем чемпионатына қатыспау туралы шешімді қабылдай аламыз. Менің пікірімше, әр жазда бір айға созылатын турнирде ойнау – өте ауыр. FIFA ойланып, қайта шешім қабылдайтын шығар. Бұл мәселе жайлы жергілікті федерациялармен ғана емес, УЕФА -мен де сөйлеседі деп үміттенемін», - деді Чеферин.

Ол УЕФА екі жылда бір рет Еуропа чемпионатын өткізуге мүдделі емес екенін айтты. «УЕФА үшін бұл қаржылық тұрғыдан жақсы болар еді, бірақ бұл футбол мен ойыншыларды «өлтіреді». Менің ойымша, клубтар өз ойыншыларын ұлттық құрамаға жібермейді, бұл финалдық бөлінуге әкелуі мүмкін», - деп қосты одақ басшысы.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров