Жарнама
Жарнама

УЕФА ӘМИЯНЫН САНАДЫ

15.09.2011, 18:11
Жарнама
Жарнама

Биылғы чемпиондар лигасына қатысушы клубтардың қазынасына түсетін кіріс көлемі бекітілді. Топтық турнирге қатысушы командалар 7.2 млн. еуро көлеміндегі қаржыны қалтасына басса, жеңімпаздар үшін жарнамадан түскен қосымша ақшаны есептемегенде 31.5 млн. алатын мүмкіндік бар. Нақтыласақ, әр клуб топқа түскені үшін 3.9 млн. алады және әр матч өткізген сайын 550 мың еуроға байып отырады. Әр жеңіс үшін 800 мың, ал әр тең ойын үшін 400 мың еуро көлеміндегі сыйақымен қамтылады. 1/8 финалда өнер көрсеткендер үшін – 3 млн., ширек финалға шыққандарға – 3.3 млн., жартылай финалда ойнайтын клубтарға – 4.2 млн., ал турнир жеңімпазына – 9 млн. еуро ұсынылады. Сондай-ақ екінші финалист команда да 5.6 млн. еуроға байып шығады. «Барселона» УЕФА суперкубогының жеңіп алғаны үшін 2.5 мл. еуро алса, оның қарсыласы болған «Порту» жеңімпаздан 500 мың еуро кем алады. Осы маусымда чемпиондар лигасы мен УЕФА суперкубогынан түсетін нағыз пайда 1.1 млрд. еуро шамасында болады деп күтілуде. Бұл қаржының 55 пайызы плей-офф кезінде ойнайтын командаларға бөлінген: бұдан әр клуб 2.1 млн. еуро шамасындағы қаржымен қамтамасыз етіледі. 2006-2009 жылдардағыдай, 10.3 млн. еуро чемпиондар лигасы мен Еуропа кубогының іріктеу кезеңінде ұтылып қалған командаларға ынталандыру ретінде бөлініп беріледі. Коммерциялық келісім-шарттар мен медиақұқық сатылымдарынан түскен қаржының 75 пайызын, яғни 530 млн. еуродан аспайтын қаржы клубтарға жөнелтіледі де, қалған 25 пайыз Еуропа футбол одағына жұмсалады. Бір сөзбен айтқанда, УЕФА аясындағы турнирлердің ұйымдастырушылары мен басшылығына бөлінеді. Сонымен қатар ынталандыру сыйлығы ретінде кейбір футбол одақтарына, лигаларға және клубтарға беріледі. Телемаркетингтен түскен тағы 341 млн. еуро чемпиондар лигасының негізгі сынына қатысушы командалардың мемлекеттік телеарналарына бөлінеді. Нұрислам Құспанғали

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров