Жарнама
Жарнама

УЕФА Чемпиондар Лигасы: Бүгін 36 клубтың жеребесі тартылады. “Қайраттың” қарсыластары кімдер болмақ?

28.08.2025, 15:00

Бүгін, 28 тамыз күні, Чемпиондар Лигасының жаңа маусымының жеребе тарту рәсімі өтеді. UEFA ресми мәліметіне сәйкес, салтанатты шара Монакодағы Grimaldi Forum орталығында сағат 18:00-де басталады. Бұл Астана уақытымен 21:00.

Жарнама
Жарнама

UEFA былтырдан бері дәстүрлі топтық кезеңді жойып, жаңа формат енгізді. Енді 36 команда бірыңғай лига кестесінде бақ сынайды. Әр клубқа 8 қарсылас жеребе арқылы анықталады. Бұл формат турнирді одан әрі тартысты әрі күрделі етіп, командалардың тактикалық жоспарларына елеулі әсер етеді.

Қатысушы клубтардың жалпы тізімі:

Англия: Liverpool, Arsenal, Manchester City, Chelsea, Tottenham, Newcastle United

Испания: Barcelona, Real Madrid, Atlético Madrid, Athletic Club, Villarreal

Италия: Napoli, Inter Milan, Atalanta, Juventus

Германия: Bayern München, Bayer Leverkusen, Eintracht Frankfurt, Borussia Dortmund

Франция: Paris Saint-Germain, Marseille, Monaco

Нидерланд: PSV Eindhoven, Ajax

Португалия: Benfica, Sporting CP

Бельгия: Club Brugge, Union Saint-Gilloise

Түркия: Galatasaray

Чехия: Slavia Prague

Греция: Olympiacos

Дания: Copenhagen

Норвегия: Bodø/Glimt

Кипр: Pafos

Қазақстан: Kairat Almaty

Әзербайжан: Qarabağ  

Барлығы 36 клуб лига фазасында өнер . Олар төрт “потқа” бөлінген. (әрқайсысында 9 клуб):

Пот 1: Paris Saint-Germain, Real Madrid, Manchester City, Bayern München, Liverpool, Inter Milan, Chelsea, Borussia Dortmund, Barcelona    

Пот 2: Arsenal, Bayer Leverkusen, Atlético Madrid, Benfica, Atalanta, Villarreal, Juventus, Eintracht Frankfurt, Club Brugge    Пот 3: Tottenham Hotspur, PSV Eindhoven, Ajax, Napoli, Sporting CP, Olympiacos, Slavia Prague, Bodø/Glimt, Marseille    

Пот 4: Copenhagen, Monaco, Galatasaray, Union Saint-Gilloise, Qarabağ, Athletic Club, Newcastle United, Pafos, Kairat Almaty  

“Қайрат” Чемпиондар лигасына қатысатын ең шығыс команда ретінде ерекшеленуде. 

Лига фазасының негізгі қағидалары:

– Әр команда 4-тен 8 матч өткізеді: төрт үйде, төрт сыртта

– Әр команда әр поттан екі қарсыласпен ойнайды: біреуі үйде, екіншісі қонақта.

– Ешбір клуб өз елінің командамен кездеспейді, ал бір елден екіден артық қарсылас жоқ.

Жеребе рәсімін UEFA-ның ресми сайты мен YouTube арнасынан тамашалауға болады. Сондай-ақ QazSport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров