Жарнама
Жарнама

УЕФА-ға шағым түсірген украиналық легионер: «Ордабасы» келісімшарттық міндеттерді орындаған жоқ

29.05.2025, 13:54

«Ордабасы» жейдесінде доп тепкен Евгений Макаренконың шымкенттік ұжымның үстінен УЕФА-ға шағым түсіргенін жазғанбыз.

Евгений Макаренко
Жарнама
Жарнама

«Ukrfootball.ua» тілшілері жақында болған жағдайды футболшының өз аузынан біліпті.  

«Өзін барынша кәсіби емес жағынан көрсеткен қазақстандық командамен арада жағымсыз жағдай орын алғанына қарамастан, әрбір ситуациядан позитив іздеу керек. «Ордабасы» келісімшарттық міндеттерді орындаған жоқ, сол үшін менде құжатты біржақты үзу құқығы болды. Енді УЕФА-ның құзырлы органдарымен бұл жағдайды өздері шешіп алсын», - деді Е. Макаренко.

Евгений Макаренко «Ордабасы» клубынан сәуірде кетіп қалған еді. 34 жасар футболшы Шымкентте екі маусым ойнаған (2022/2023-жж) Украиналық жартылай қорғаушының шымкенттік клубта Асхат Тағыбергенмен бір қатарда ең жоғары жалақы алып отырғаны белгілі. «Ордабасыда» өнер көрсеткен тағы бір уакраиналық футболшы Артем Беседин туралы да солай деуге болады.       

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров