Англиямен Ақтөбеде ойын өткізген ел құрамасы ақшалай жазаланды.
Жастарымыз осыдан бір айдан астам уақыт бұрын Еуро-2027 іріктеуінде Англиядан келген құрдастарынан 0:2 есебімен жеңілген болатын. Аталған кездесуде Қазақстан тарапынан тәртіпке сай емес қос эпизод тіркелді. Бірінде бөгде адам жасыл алаңға рұқсатсыз кіріп кетсе, енді бірінде матчтың уақытынан кешегіп басталуында орын алды.
УЕФА осы тәртіпсіздікке байланысты Федерация атына 7 500 еуро айыппұл салды.
Аталған іріктеу турнирінде Қазақстан U21 құрамасы 10 ойында 9 ұпай жинап, турнир кестесінде 5 орын алды.
Біздің серіктес: FONBET