Жарнама
Жарнама

УЕФА конгресі елордада өтпек

Бүгін, 19:26

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) тарихи шешім қабылдады – 2027 жылдың 04 наурызында Еуропалық футболдың басты жиыны — УЕФА Конгресі Қазақстан астанасында өтеді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Бұл туралы Брюссельде өткен мерейтойлық 50-ші Конгресте ресми түрде жарияланды. Бельгия астанасындағы алқалы жиынға Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Давид Лория қатысты.

Конгресс несімен маңызды?

УЕФА Конгресі — Eуропалық футболдың ең жоғарғы басқарушы органы. Бұл шараның Астанада өтуінің бірнеше стратегиялық маңызы бар:

– Тарихи таңдау: Астанадағы 51-ші жиын сайлау конгресі болмақ. Дәл осы жерде УЕФА президенті мен Атқарушы комитет мүшелері сайланады.

– Шешімдер мекені: Еуропа футболының алдағы жылдардағы даму бағыты, қаржылық мәселелер мен халықаралық турнирлердің тағдыры Қазақстан жерінде шешіледі.

– Қатысушылар: Конгресс Еуропалық 55 ұлттық қауымдастықтың басын қосады.

Қазақстан үшін бедел мен сенім

Мұндай деңгейдегі шараны өткізу құқығы Қазақстанның Еуропалық футбол қауымдастығындағы беделінің артқанын және елдегі футболдың дамуына берілген жоғары бағаны білдіреді. Бұл — Қазақстан тарихындағы ең ірі халықаралық футбол шараларының бірі болмақ.

Бюджетке салмақ салмайды

Маңызды жайт: Конгресті ұйымдастыру және өткізу шығындарын толығымен УЕФА өз мойнына алады. Шараны өткізуге Қазақстанның мемлекеттік бюджетінен ешқандай қаражат жұмсалмайды. Бұл Еуропалық ұйымның халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан тікелей үлесі болмақ.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров