ФИФА Ресей құрамасын барлық халықаралық жарыстарға қатысу құқығынан айырды. Осылайша, Валерий Карпин баптайтын команда 2022 жылғы Катардағы әлем чемпионатына бара алмайды.
Еске салайық, ФИФА бұған дейін Ресей құрамасын атынан, жалауынан және әнұранынан айырып, халықаралық турнирлерге ұйымның атынан қатысуға мүмкіндік берген еді. Алайда, мұндай шешім футбол қауымдастығының ашуын тудырды, сондықтан бұл мәселе қайта қаралып, өзгерістер енгізілді.
Бұл жағдайға УЕФА да бей-жай қарамады. Аталмыш футбол ұйымы ресейлік клубтарды барлық халықаралық жарыстардан шеттетті. Осылайша, мәскеулік «Спартак» Еуропа лигасының 1/8 финалындағы ойынға қатыса алмайды. Олар аталмыш кезеңде «РБ Лейпцигпен» кездесуі керек еді.
Біздің серіктес: FONBET