Осы жылдың 27 наурызында болуы тиіс финалиссима турнирі Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты өтпейді.
Еуропа чемпионы мен Америка құрлығы чемпиондары бақ сынасатын финалдық турнир қос футбол қауымдастығының келісімімен Катардағы “Лусаил” стадионында өтуі тиіс болған. Алайда қабылдаушы мемлекет Таяу Шығыстағы қақтығыстардың кесірінен қауіпсіздік мәселесін алға қойды. Осы себептен, биылғы Еуропа чемпионы мен Америка чемпионы финалиссима турнирінен шет қалып отыр.
Бұған дейін бұл турнир Мадридте жаңартылған “Сантьяго Бернабеуде” өтеді деген ақпарат тараған. Алайда Месси бастаған Аргентина құрамасы финалдық бәсеке Испанияда болатын болса, бас тарттынын жеткізді.
Альбиселесте құрамасы УЕФА мен КОНМЕБОЛ-ға финалиссиманы 2026 жылдың жазында бастау алатын Әлем чемпионатынан кейін өткізу туралы ой тастаған екен. Әзірге бұл мәселе жайында ешқандай жауап қайтарылмады.
Біздің серіктес: FONBET