Футболдан 2012-жылғы Еуропа чемпионатына дайындық енді ғана қыза түсті. Бұл туралы бүгін Кипрде өткен кездесуде УЕФА президенті Мишель Платини мәлімдеді. Қарт құрлықтың дүбірлі доп додасын қабылдайтын Украина мен Польшада стадиондардың құрылыс жұмыстары қайта қарқын алды.
Француз маманы өз сөзінде: «Егер чемпионатты Германия немесе Ұлыбританияда өткізсек, мұндай қиындықтарға тап болмас едік. Бірақ, басқа да елдер байрақты бәсекелерді қабылдауға машықтансын», - деді. Соңғы жылдары УЕФА сарапшылары Киев пен Варшаваға жиі жұмыс сапарымен барып, ондағы олқылықтарды бұқаралық ақпарат құралдарына баяндап отырғаны белгілі. Ақыр соңында екі ел басшылары бұл істі өз қолдарына алып, қажетті қаржыны бөліп, қателікті жойды.
Kaztrk.kz