Жарнама
Жарнама

УЕФА президенті “Қайраттың” спорттық базасына қонаққа келді

10.09.2025, 13:50

"Қайрат" футбол клубының заманауи базасына УЕФА президенті Александр Чеферин арнайы келді. Құрметті қонақты Қайрат Боранбаев, клубтың жасөспірімдер академиясының ойыншылары және көзі көрмейтіндер футболын дамытып жүрген Kairat Blind Football спортшылары қарсы алды. Олар ағылшын тілінде жылы лебіз білдіріп, қонаққа естелік сыйлықтар табыс етті.

Жарнама
Жарнама

Чеферин негізгі құрам мен "Қайрат-Жастар” жаттықтырушыларымен де сұхбаттасып, клуб инфрақұрылымымен танысты. Қонаққа ойыншылар тұратын блок, асхана, заманауи жаттығу залы, медициналық орталық және жаттығу алаңдары көрсетілді.

УЕФА президенті "Қайраттың” базасы Еуропалық үздік клубтардың стандарттарына толық сәйкес келетінін атап өтті. Әсіресе жастар құрамына жасалған жағдайдың жоғары деңгейде екенін ерекше бағалады.

Сапар соңында Александр Чеферин Алматылықтарды өткен маусымдағы чемпиондық атағымен және Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шыққанымен құттықтап, клубқа ұлттық және халықаралық деңгейде жаңа табыстар тіледі.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров