Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында «Хет-трик» бағдарламасы бойынша УЕФА комитетінің отырысы өтті. Жиында инфрақұрылымды дамыту үшін УЕФА тарапынан бөлінетін қаржыландыруға федерацияның өтініштері қаралды.
Қазақстан футбол федерациясы толық көлемді футбол алаңы бар манеждің құрылысын қаржыландыруға өтініш тастаған еді. Астанадағы жабық манеждің құрылысының жобасын ҚФФ бас xатшысы Азамат Айтқожин таныстырды.
УЕФА комитеті отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан жасаған өтініш мақұлданды.
- Бүгін Қазақстан футбол федерациясының бас xатшысы Азамат Айтқожин «Хет-трик» бағдарламасы бойынша УЕФА комитетінің мүшесі ретінде ресми түрде таныстырылды. Бұл өте жақсы, - дейді УЕФА-ның ұлттық қауымдастықтар департаментінің менеджері Давид Петриашвили. –Ол ішкі мәселені біледі. Оны толық зерттеп, комитет мүшелері алдында нақты сөз сөйлеуі Қазақстан тарапынан жасалған өтініштің оң жауап алуына әсер етті. Сіздің елдегі климаттық жағдайды ескерсек, жабық манеждің құрылысы қыс мезгілінде жаттығу жүргізіп, жарысты ұйымдастыру мәселесін шешуге мүмкіндік береді».
Манеж құрылысының жобасын жүзеге асыру мерзімі 2016 жылдың соңына жоспарланып отыр.