Жарнама
Жарнама

УЕФА Суперкубогінің форматы өзгеруі мүмкін

22.09.2022, 16:01
Енді бұл турнирге төрт команда қатысуы мүмкін.
Жарнама
Жарнама

Еуропадағы футбол қауымдастықтарының одағы 2024 жылға қарай УЕФА Суперкубогінің форматын өзгерту туралы нұсқаны қарастырып жатыр.

Түрлі ақпарат құралдарының хабарлауынша, жаңа турнирде Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы, Конференция лигасы және Солтүстік Американың негізгі лигасының (MLS) жеңімпаздары ойнайды.

22-23 қыркүйек күні Ыстамбұлдағы УЕФА Бас ассамблеясында осы мәселе талқыланатын болады.

Еске салайық, 2022 жылғы УЕФА Суперкубогін мадридтік «Реал» жеңіп алған болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров