Жарнама
Жарнама

УЕФА Суперкубогының матчы көрермендердің қатысуымен өтеді

27.08.2020, 05:42
Тек алаңның 30% ғана толып отыратын болады.
Жарнама
Жарнама

УЕФА басшылығы Чемпиондар лигасының жеңімпазы «Бавария» мен Еуропа лигасы кубогының иегері «Севилья» арасындағы Суперкубок матчына көрермендер қатыса алатындығын растады, деп хабарлады Еуропалық футбол одағының ресми сайты.

Бұл матчты көрермендермен өткізу мүмкіндігі туралы алдын-ала шешім шілде айында қабылданған екен, содан бері УЕФА эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Будапешттегі "Ференц Пушкаш" стадионын 30%-ға толтыруға болатынына көз жеткізгенге дейін бақылап отырған.

Стадионның ресми сыйымдылығы 67 215 орынды құрайтынын ескерсек, оған 20000-нан астам жанкүйер келуге рұқсат етілді. Бірақ алдағы еурокубок матчтарына көрермендердің келуіне тыйым салынды. Бұл мәселені УЕФА жеке қарастырады.

"Бавария" - "Севилья" матчы 24 қыркүйекте өтеді. Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров