Жарнама
Жарнама

УЕФА Суперлигаға қатысқысы келген клубтарға жаза тағайындады

08.05.2021, 05:53
Бұл жобадан әлі шықпаған клубтар да бар.
Жарнама
Жарнама

УЕФА Еуропалық Суперлиганың құрылуына өз келісімін берген клубтарға қатысты ресми мәлімдеме жасады.

"Суперлига деп аталатын турнирге қатысқан тоғыз клуб бұл жобаның қате болғанын мойындайды және жанкүйерлерден, ұлттық қауымдастықтардан, ұлттық лигалардан, басқа еуропалық клубтардан және УЕФА-дан кешірім сұрайды.

- әр клуб УЕФА Жарғысының міндетті сипатын сөзсіз мойындайды, командалар әр маусымда өзінің спорттық қасиеттеріне сай келетін УЕФА-ның клубтық жарыстарына қатысады;

- аталған командалар УЕФА дұрыс деп таныған клубтардың жалғыз өкілді органы болып табылатын Еуропалық клубтар қауымдастығына қайта қосылады;

- Суперлигамен байланысты тоқтату үшін барлық шараларды қолданады;

- әр клуб кешірім ретінде жалпы құны 15 миллион еуроны құрайтын айыппұл төлейді, ол бүкіл Еуропадағы, оның ішінде Ұлыбританиядағы жергілікті қоғамдастықтағы балалар, жасөспірімдер мен қарапайым футболдың пайдасына жұмсалады;

- УЕФА-ның клубтық жарыстарынан түсетін кірістің 5%-ы ұсталады;

- егер олар осындай рұқсат етілмеген жарысқа қатысқысы келсе (100 миллион еуро) немесе клубтың міндеттеме декларациясында (50 миллион еуро) көрсетілген басқа міндеттемелерді бұзса, айтарлықтай айыппұл төлеуге келісімін берді.

- сондай-ақ, клубтар 2024 жылдан бастап күшіне енетін Чемпиондар Лигасында жаңа форматын құптады", - делінген ұйымның баспасөз-релизінде.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров