Жарнама
Жарнама

Уэйн Руни «Дерби Каунти» клубына бас бапкердің міндетін атқарушы болып тағайындалды

15.11.2020, 17:10
Бұған дейін Руни клубта ойыншы-жаттықтырушы ретінде жұмыс атқарған болатын.
Жарнама
Жарнама

"Дерби Каунти" клубының ойыншысы және капитаны Уэйн Руни өзінің бас бапкердің міндетін атқарушы болып тағайындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Express.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, Руни - Филип Коктың орнына лайықты басты үміткерлердің бірі.

"Дерби Каунти" бүгін өзінің ресми сайтында команданың бас бапкері Филипп Коктың қызметінен кететінін хабарлады. Бапкердің көмекшісі Крис ван дер Верден мен бірінші команданың бас жаттықтырушысы Тван Шиперс те өзара келісім бойынша клубтан кетті.

Кок 2019 жылдың жазында "Дербидің" бас бапкері атанды және клубта 65 кездесу өткізді. Қазір "Дерби Каунти" 11 матчта 6 ұпай жинап, Чемпионшиптің турнирлік кестесінде соңғы орында тұр.

2019 жылдың қараша айында Руни "Дерби Каунти" клубында ойыншы-жаттықтырушы ретінде дебют жасаған болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров