2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстанға қарсы матч алдындағы баспасөз мәслихатында Уэльс құрамасының бас бапкері Крейг Беллами командасының басты мақсаттарын атап өтті.
"Ештеңе өзгермейді. Біздің мақсатымыз жеңіске жетіп, топта жоғары орын иелену. Біз барлық қалған матчтарды ұтуымыз керек, ол үшін сапалы әрі ұжымдасқан ойынды көрсету қажет. Осылайша бізге қажетті ұпайды жинай аламыз.” – деді Беллами.
Сондай-ақ бапкер ойыншылардан күтетін ең маңызды қасиетін де атап өтті:
"Маған ойыншының қарсыласқа қарсы қалай ойнайтыны емес, команданың ойынына қалай үйлесетіні маңызды. Яғни футболшы өзін құрамда қалай көрсетеді бастысы сол.” – деп баса айтты Уэльс құрамасының бас жаттықтырушысы.
Қазақстан – Уэльс матчы 4 қыркүйек күні "Астана Аренада” өтеді.
Біздің серіктес: FONBET