Уэльс құрамасының бас бапкері Крэйг Беллами Астанада өткен 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчы (1:0) туралы пікір білдірді.
- Қазір маусым енді ғана басталып жатыр. Көптеген ойыншылардың әзірлігі әлі толық емес. Бір қарқынды бүкіл матч бойы ұстап тұру оңай емес. Ал қазақстандықтарда керісінше. Маусым қызып тұр. Кімнің тұрақты ойнап жүргені, ал кімнің маусымды енді бастағаны анық байқалды. Бұл ойын біз үшін тым ауыр болды. Егер футболшыларым кемінде бір ай бойы ойнаған болса, мүлдем басқа Уэльсті көрер едіңіздер.
Тағы бір қиындық - алаң. Біз әдетте мұндай жасанды төсеніште ойнамаймыз. Бұл кез келген команда үшін осында келіп ойнауды қиындатады, — деді Беллами.
Айта кетейік, футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Уэльске 0:1 есебімен есе жіберді.
Біздің серіктес: FONBET