2026 жылғы Әлем чемпионаты іріктеуінде Уэльс сапында өнер көрсетіп жатқан Киффер Мур дәл қазір өтіп жатқан кездесуде Қазақстанға гол соқты.
Грейг Беллами шәкірттері алғашқы 30 минут қорытындысы бойынша шабуылшы Киффер Мурдың арқасында таблодағы есепті ашты. 33 жастағы әккі ойыншы қақпашы қайтарған Лиам Калленнің соққысына бірінші болып жетіп, допты торға кіргізді. Айта кетейік, бұл гол Мурдың осы турнир барысында соққан 3 матчтағы 2 нәтижелі әрекеті болып отыр.
Жалпы Рэксхэм ойыншысы қызыл айдаһарлар жейдесінде 50 матч өткізіп, 15 голын соқты. Шабуылшы іріктеудің соңғы матчтарындағы қарқынын төмендетпесе, онда ел құрамасының топ-10 үздік сұрмергені болады. Ол үшін оған небәрі бір гол соқса жеткілікті.
Еске салсақ, Уэльстің тарихындағы сұрмергендер көшін барлық турнирде 111 матч өткізіп, 40 гол соққан Гарет Бэйл бастап тұр.
Біздің серіктес: FONBET