2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Уэльс (4 қыркүйек) және Бельгияға (7 қыркүйек) қарсы өтетін матчқа үш қақпашының шақырылғаны мәлім. Осы орайда қақпашылардың маусым ортасынан бергі көрсеткіштеріне назар аударуды жөн көрдік.
26 жастағы Мұхаммеджан Сейсен («Астана»)
15 маусымнан бері 9 ойында алаңға шыққан. Қақпасына тура 37 соққы бағытталып, 13 гол өткізіп алды.
3 матчта гол жібермеді.
Бірінші қақпашы саналған Йосип Чондричтың жарақатына байланысты еурокубоктағы 3 ойында Мұхаммеджанға қақпа кілті сеніп тапсырылды.
23 тамыз күні «Жеңіске» қарсы кездесуде өресекел қателік жіберді. Артынша әлеуметтік желіде жанкүйерлерден кешірім сұрады.
27 жастағы Бекхан Шайзада («Ордабасы»)
15 маусымнан бері 10 ойында алаңға шыққан. Қақпасына тура 38 соққы бағытталып, 13 гол өткізіп алды.
3 матчта гол жібермеді.
Еурокубокта сырт алаңда «Торпедоға» қарсы кездесуде 4 гол өткізді.
21 жастағы Темірлан Анарбеков («Қайрат»)
15 маусымнан бері 7 ойынға қатысты. Бірінші лигада «Таразға» қарсы кездесуде алаңға шыққан. Қақпасына тура 22 соққы бағытталып, 5 гол өткізіп алды.
5 матчта гол жібермеді.
Еурокубоктың 2 ойынына қатысты.
«Селтикке» қарсы кездесуде 3 пенальти қайтарып, еліміздегі ең танымал қақпашыға айналды. Instagram әлеуметтік желісіндегі жазылушылардың саны 184 мыңға жетті.
Егер Темірлан Анарбеков ұлттық құрамада дебют жасаса, ең жас үшінші қақпашы ретінде тіркелмек.
1992 жылдан бергі тарихқа үңілсек, Қазақстан ұлттық құрамасында
29 қақпашы тұрған.
Оның арасындағы ең жасы әрі ең көп өткізген - Давид Лория (46 ойын). Ол 2000 жылы 18 жасында Сирияға қарсы матчта тұрған.
Әли Әлиев қандай шешім қабылдайды?
Ұлттық құраманың бас бапкері кейінгі 4 ойында 3 қақпашыға мүмкіндік беріп көрді.
2 - Мұхаммеджан Сейсен (Лихтейнштейнді 2:0 есебімен жеңіп, Солтүстік Македонияға 0:1 есебімен есе жіберді)
1 - Александр Заруцкий (Уэльске 1:3 жеңілді)
1- Стас Покатилов (Беларуське қарсы жолдастық кездесуде өрескел қате жіберіп, 1:4 есебімен жол берді).
Біздің серіктес: FONBET