Қазақстанмен болатын бәсекеге Уэльс құрамасының басты жұлдыздарының бірі Аарон Рэмзи қатыспайтын болды.
Бұл туралы Уэльс футбол қауымдастығы ресми түрде мәлімдеме жасаған. Лондонның «Арсеналы» мен туриндік «Ювентустың» намысын қорғаған жартылай қорғаушы жарақатына байланысты өзінің командасына көмектесе алмайды. Сондай-ақ, Рэмзиден бөлек тағы бірқатар ойыншы іріктеу кездесулерінен шет қалғалы тұр - Крейг Беллами («Фулхэм»), Харри Уилсон («Фулхэм»), Итан Ампаду («Лидс»), Уэс Бёрнс («Ипсвич Таун») пен Рис Норрингтон-Дэвис («Шеффилд Юнайтед»).
Уэльс құрамасының тарихында ең көп матч өткізгендер арасында Аарон Рэмзи төртінші орында (72 ойын, 20 гол). Жартылай қорғаушы қазір Чемпионшипте ойнайтын «Кардифф Сити» намысын қорғайды.
Айта кетейік, Қазақстан ӘЧ-2026 іріктеу кезеңінің аясынадағы бірінші матчында сырт алаңда қос кездесу өткізеді – 22-наурызда Уэльспен, одан кейін Лихтенштейн командасымен шеберлік байқаспақ.
Біздің серіктес: FONBET