Уэльс құрамасы мен «Эвертон» клубының бұрынғы капитаны Эшли Уильямс әлем чемпионатына іріктеудің бірінші турында Қазақстанмен өткен матч туралы ойымен бөлісті.
«Қазақстан Уэльс құрамасы үшін біраз қиындық туындатты, олардың қорғанысын бұзып-жару оңай болған жоқ. Бірақ мұның өзі жеңіс үшін жеткіліксіз болды. Уэльс үшін оңай ойын болды деп айта алмаймын. Қазақстан әлем чемпионатына іріктеуде қарсыластарынан ұпай алады деп ойлаймын», - деді Эшли Уильямс.
Айта кетейік, кеше ұлттық команда ӘЧ-2026 іріктеу аясында Кардиффте Уэльспен кездесіп, 1:3-пен есе жіберді. Қазақстан сапындағы жалғыз голды капитан Асхат Тағыберген пенальтиден салған болатын.
Біздің серіктес: FONBET