Жарнама
Жарнама

Уэстон Маккенни АҚШ-тың 2020 жылғы үздік ойыншысы атанды

19.12.2020, 06:57
Маккенни - А Сериясында гол соққан үшінші америкалық футболшы.
Жарнама
Жарнама

Туриндік “Ювентустың” жартылай қорғаушысы Уэстон Маккенни Америка Құрама Штаттарындағы жылдың ең үздік ойыншысы атағына ие болды.

1984 жылдан бері табысталып келе жатқан жүлдеде 22 жасар аяқдопшы 44% дауыс жинаса, бұл жүлденің былтырғы жеңімпазы, “Челсидің” ойыншысы Кристиан Пулишич 27%, ал “Барселона” қорғаушысы Серджиньо Дест 14% дауысқа ие болған.

Уэстон “Ювентусқа” жазда “Шалькеден” жалға ауысып келген еді. Осы аралықта Маккенни туриндік клуб сапында 13 ойынға қатысып, екі мәрте қақпа торын тулатып, екі рет нәтижелі пасымен көзге түскен.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров