Франция құрамасының капитаны әрі қақпашысы Уго Льорис 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстанға қарсы өтетін матч туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды L'Equipe басылымы.
- Апта басында жаттықтырушы сіздің мақсатыңыз – 2022 жылғы әлем чемпионатына жолдама алу екенін айтты. Команданың осы аптада мақсатына қарай бет алғанын сезесіз бе?
- Біз өз міндеттерімізді білеміз, Катарға сапарымызды растау үшін бізге жеңіс керек. Біз жанкүйерлерімізді қуанту және Ұлттар Лигасынан кейінгі ілгерілеу процессін жалғастыру үшін ойынды тұрақтандыруымыз керек.
- Осы сұраққа байланысты қандай да бір қысымды сезесіз бе?
- Бұл қысым емес. Бірақ біз әлі де жұмыс жасау керектігін білеміз. Біздің соңғы нәтижелерге қарасақ, олар бізге сенімділік беруі керек. Біз Қазақстан құрамасын құрметтейміз. Олар бірінші матчта жақсы ойнады.
- Қорғаныс шебінде (Варан, Кимпембе) шығын көп. Жаңа қорғаушылармен байланыс орнатуға уақытыңыз болды ма?
- Біз ойыншылар жоқ кезде де команда жасақтауға үйреніп қалғанбыз. Бұл басқаларға өзін көрсетуге мүмкіндік береді. Біз бәрін реттей алдық. Бұл бір жылдан кейін әлем чемпионатында ұпай жинауға мүмкіндік береді. Ойыншылар жас болғанымен, өздерін көрсете біледі. Біз оларды дұрыс жолға салу үшін келдік.
- Бүгін Франция құрамасы 13 қарашада, яғни Париждегі терактілерден тура алты жыл өткен соң ойнайын деп жатыр. Сол кездегі кештен не есіңізде қалды?
- Бұл есте қалатын қиын кеш болды. Айтатын ештеңе жоқ. Франция футбол федерациясымен бірге біз алдағы матчта киетін жейделерімізді аукционға қоюды ұйғардық, ал қаражат Bleuet de France-қа беріледі. Бұл өте жақсы әрекет.
Біздің серіктес: FONBET