64 жастағы маман Александр Петраков Украина құрамасына бас бапкер болып тағайындалмақ, деп хабарлайды Sport.ua сайты.
Сейсенбі күні, 17 тамызда Александр Петраков Украина құрамасын тізгіндейді, ал бұл орынға басты үміткер Сергей Ребров "Аль-Айнды" жаттықтыруды жалғастыра бермек.
17 тамызда өтетін Украина футбол қауымдастығының атқару комитетінде 64 жастағы Петраков Украина құрамасының жаңа бас бапкері ретінде таныстырылады. Оның көмекшілерінің бірі Андрей Анненков болады, олар 2019 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жеткен Украина U-20 құрамасында бірге жұмыс істеді.
1 қыркүйекте Украина құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстанмен ойнайды. "Астана Аренада" өтетін ойын жергілікті уақыт бойынша 20:00-де басталады.
Біздің серіктес: FONBET