Жарнама
Жарнама

Украина құрамасының шабуылшысы Қазақстанмен болатын ойынға қатыспайды

29.08.2021, 20:55
Бұл жас футболшы Еуропа чемпионатында Швеция қақпасына гол соққан еді.
Жарнама
Жарнама

«Днепр-1» мен Украина құрамасының шабуылшысы Артем Довбик жарақатына байланысты 2022 жылғы әлем чемпионатының келесі іріктеу матчтарына қатыса алмайды, деп хабарлайды Ua-football.com сайты.

«Довбик «Рухпен» болған соңғы матчта қабырғасынан ауыр соққы алды, өте үлкен гематома, ол МРТ-ден өтті және бір апта бойы толық жаттығуға қатыспады, сондықтан ұлттық құраманың алдағы ойындарын жіберіп алуы мүмкін», - деді «Днепр-1» командасының бас жаттықтырушысы Йовичевич.

Бұған дейін жарақатына байланысты Қазақстанмен болатын ойынға үш қақпашының қатыспайтыны белгілі болған еді (Георгий Бущан, Анатолий Трубин және Андрей Лунин).

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров