Украиналық Ua-football.com порталы Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі "Астана" – "Лозанна" (0:2) матчын қорытындылады.
Қазақстан вице-чемпионының өз алаңында камбэк жасау үміті үзілістіен кейін-ақ сөнді. Допқа иелік етуде басымдыққа қарамастан, "Астана" үнемі "Лозаннадан" қарымта шабуылдар өткізіп тұрды. Швейцариялық клуб ойын барысында 10 соққыға артық жасады (14-24).
Екінші тайм басында Леквейридің жылдам голы жалпы есепті 1:4-ке жеткізді. Ал одан небәрі 20 минут өтпей жатып Диаките қазақтардың жылдам шабуылдарға қарсы қорғаныстағы әлсіздігін тағы айқындады, ол допты орталық шеңберден бастап алып шығып, еш қарсылық көрмей қақпаға жеткізді.” – деп жазады сайт.
Біздің серіктес: FONBET