Жарнама
Жарнама

Украиналық сайт Қазақстан құрамасын сынады

Бүгін, 06:53

Украиналық «Ua-football.com» сайты Аустрия - Қазақстан матчы туралы жазып, біздің футболшылардың деңгейін сынға алды.

Аустрия - Қазақстан кездесуі
Жарнама
Жарнама

«Ресейдің «әйгілі» бапкерінің шәкірттері Аустрияға қонаққа турист болып барды. Өкінішке қарай, олар үшін бұл кездесу Венада өтпеген, әйтпесе саяхатшы ретінде бұда да көп дүниені тамашалап қайтар еді. Ал Аустрия үш матчынан кейін ақыры жеңіске жетті. Ұлттар Лигасының екінші дивизионының деңгейінен өте алыс қазақтарды ұтып, айызын бір қандырды. Ресейлік жаттықтырушыларды ауыстыр-ауыстырма, мейлі негізгі құрамда ойнайтын «Тобыл» мен «Ордабасының» футболшылары Бундеслига клубтарының көшбасшыларына қарсы өнер көрсетсе, бұдан бір нәтиже күту бекер. Тек нашар нәтиже болмаса», - делінген материалда. 

Ұлттар Лигасындағы үшінші турда біздің команда сырт алаңда Аустрияға қарсы тегеурін таныта алған жоқ (4:0). Станислав Черчесовтің командасы енді ертең Алматыда Словениямен ойнайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров