Жарнама
Жарнама

Украиналық «Шахтер» ойыншысы Майкон өмірден өтті

08.02.2014, 22:29
Жарнама
Жарнама
Майкон Перейра де Оливейра. Фото с сайта footboom.com Бразилиялық футболшы және "Шахтер" (Донецк) командасының шабуылшысы Перейра де Оливейра Майкон жол апатынан қаза тапты.  Өткен маусымда "Ильичевец" командасына жалға берілген футболшы, жаңа маусымда өз командасына қайта оралған болатын. « Майкон өте талантты, ақкөңіл, ашық мінезді футболшы болатын. Ол өмірді сүйді және жақсы өмір сүруге талпынды. Сұм өмір оны арамыздан ерте алып кетті. Ол бар жоғы 25 жаста еді. Бұл қаза бізге өте ауыр тиді. "Шахтер" Футбол клубы  Майконның барша туысқандарына, достарына қайғыра көңіл айтады. Сен біздің мәңгі жүрегіміздесің! »,- деп жазды клуб басшылығы. Игрок «Шахтера» Майкон разбился в автокатастрофе - Футбол - Чемпионат Украины Майкон Перейра украиналық "Волынь"  клубында да өнер көрсетті. 43 ойында 27 гол соққан шабуылшыны 2012 жылы донецкнің"Шахтеры" сатып алған болатын. 6 ойында жасыл алаңға шығып, 1 голдың авторы атанған. "Заря" және "Ильичевец" клубтарында жалға ойнады. Соңғы өнер көрсеткен "Ильичевецте" 13 ойында, 3 гол соққан.   Абылайхан ЖҰМАШ
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров