Жарнама
Жарнама

Украинаның жеңісі

12.06.2012, 08:20
Жарнама
Жарнама

Андрей Шевченко мен Златан Ибрагимович әлемге аты танылған екі даңқты шабуылшы екені даусыз. Қос капитанның бастауымен алаңға шыққан ойыншылар да осы екі аты аңызға айналған аяқдопшыларды доппен қамтамасыз етіп, екі еңселі тұлғаның ығында әдемі футбол өнерін көрсетуді мақсат тұтты.  Ойын алдында да осындай болжамдар жасалынған болатын. Ойынның өзі де осы әңгімені толықтай дәлелдеді деп айта аламыз. Себебі, екі команда сапындағы лидер ойыншылар өздерінің шеберліктерін толықтай көрсете алды.

Арнайы Еуро үшін спорттық ғұмырын аяқтамай жүрген андрей Шевченко екі гол соғып Украина жұртшылығын шаттыққа бөлесе, Ибрагимовичтың соққан жалғыз гол Швеция үшін ешқандай да нәтижеге жеткізе алмады. Осының алдында Англия және Франция құрамалары өзара тең ойнап, топтағы жағдайды шиеленістіріп тастаған болатын. Енді бұл топтың көшбасшысы ретінде Украина командасы танылып отыр. Үш ұпайда еншілеген жарыс қожайындары енді келесі турда француздарға қарсы шығады. Бұл кездесуде Олег Блохин шәкірттеріне кем дегенде тең нәтиже қажет. Өйткені Украина құрамасы алдына топтан шығу деген мақсат қойған болатын. Енді сол мақсатты орындау үшін кем дегенде әлі бір ұпай қажет. Ал егер Лоран Блан командасын тағы да ұтатын болса сары жейделі ойыншылар алға қойған мақсатты толықтай орындады деп есептей беріңіздер.

Валерий Лобановскийдің соңғы шәкірті Андрей Шевченконың аты осыған дейін де украин футбол тарихында алтын әріппен жазылып қойған болатын. Ал енді кещегі матчтан кейін Шевченко халық қаһарманы атануы әбден ықтимал. Өйткені кешегі ойынды барша украин жұртшылығы тамашалап, өздерінің футбол арқылы аттарын күллі ғаламға таратты.

Аты аңызға айналған футбол теориясын қалыптастырушы Лобановскийдің еңбегі енді елене бастады. Оның шәкірттерінің бірі Олег Блохин кешегі команданың бас бапкері болса, енді бір шәкірті екі гол соғып қалың жұртты мәз-мәйрам етті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров