Жарнама
Жарнама

Украиндық легионер “Қызылжардың” бүгінгі кездесуіне көмектесе алмайды

23 жастағы қорғаушы қызыл қағаздың кесірінен 22-тур матчына қатыспайтын болды.

Жарнама
Жарнама

Еске салсақ, Петропавл ұжымының жас қорғаушысы Анатолий Козленко “Жеңіске” қарсы екі рет тәртіп бұзып, салдарынан қызыл қағаз алып алаңнан қуылған болатын. 

Бір қызығы, “Қызылжар” сол матчта 10 ойыншымен жүріп, есепті 1:1 қылды. Самат Жарынбетовтың ойынның 86 минутта соққан голы Петропавлдықтардың қатарынан 2 ойында тең тарқасуына септігін тигізді. Еске салсақ, “Жеңіске” дейін “Қызылжар” “Ұлытаумен” 1:1 есебімен тең тарқасқан еді. 

Өткен ойында қызыл қағаз алған Козленко Милич Чурчич командасының маңызды ойыншыларының бірі. Украин азаматы қазақстандық командада осы маусымда 15 матч өткізіп, 1 голда соқты. Алайда қорғаушы дисквалификациясының кесірінен “Елімаймен” болатын сырт алаңдағы ойынға бармады.  

Жалпы “Қызылжар” ішкі чемпионаттың 21-турында 21 ұпай жинап, турнир кестесінде 9 орында келеді. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: