Асқар Қожабергенов «Ордабасының» Конференциялар Лигасындағы сәтсіздігіне қатысты пікірін білдіріп, ойын ортаға салдыы.
«Меніңше, «Ордабасының» бүкіл клубтық жүйесінде үлкен-үлкен проблемалары бар. Осы екі-үш жылдың ішінде қаншама қыруар қаражат бөлінді. Команданы өз білгендерінше жасақтап, былайша айтқанда ештеңеден таршылық көрмеген клубтың мәртебелі турнирде былай болуы... Бір шетінен мойындауымыз керек, шымкенттіктерде Еурокубоктік тәжірибесі жоқ. Ол өте маңызды фактор. Мысалы, «Астана» мен «Ақтөбенікіндей» тәжірибе жай негізгі командасы үшін емес, жалпы клубтық жүйесінде маңызды дүние. Бірақ, соның өзінде де былтырғы «Петрокуб», мына грузиялық клубтың да Еуропалық деңгейде алып бара жатқан ештеңесі жоқ. Өтуге болатын қарсыластар еді. Өкінішке қарай, бір командаға кем болып қалдық», - деді А. Қожабергенов «Аладоп.кз» сайтына берген сұқбатында.
Шымкенттік команда қос ойын қортындысында грузиялық «Торпедо» Кутаисиден ұтылып, жарысты аяқтады.
Біздің серіктес: FONBET