УЕФА-ның Ұлттық құрамалар арасындағы жарыстар жөніндегі комитеті 2026/2027 жылғы Ұлттар лигасы маусымының жеребе тарту рәсімі мен күнтізбесін бекітті, деп хабарлайды Aladop.kz
Кезекті турнирдің жеребе тарту рәсімі 12 ақпан күні Брюссельде өтеді. Жарыс ережесіне сай, барлық қатысушылар A, B, C және D дивизиондарына бөлініп, әр дивизион ішінде арнайы себеттерге топтастырылды.
С дивизионы: Қарсыластар кім болуы мүмкін?
Қазақстан ұлттық құрамасы С дивизионының бірінші себетіне енді. Бұл дегеніміз — біздің команда өз тобындағы фавориттердің бірі ретінде танылып, бірінші себеттегі өзге мықты ұжымдармен (Исландия, Албания, Черногория) бір топқа түспейді.
Дивизиондағы себеттер құрамы:
• 1-себет: Исландия, Албания, Черногория, Қазақстан
• 2-себет: Финляндия, Словакия, Болгария, Армения
• 3-себет: Беларусь, Фарер аралдары, Кипр, Эстония
• 4-себет: Латвия/Гибралтар, Люксембург/Мальта, Молдова, Сан-Марино
Ойындар күнтізбесі
Турнирдің топтық кезеңі 2026 жылдың күзіне жоспарланған. УЕФА бекіткен арнайы ойын күндері (слоттар) төмендегідей:
• 1-тур: 24–26 қыркүйек
• 2-тур: 27–29 қыркүйек
• 3-тур: 30 қыркүйек – 3 қазан
• 4-тур: 4–6 қазан
• 5-тур: 12–14 қараша
• 6-тур: 15–17 қараша
Біздің серіктес: FONBET