Жарнама
Жарнама

Ұлттық құрама Бельгиядан ойсырай ұтылып, бапкер жұмыстан кетті

08.09.2025, 09:50

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі Бельгияға қарсы Брюссельде өткен ойын Ұлттық құрама үшін ауыр жеңіліспен аяқталды.

Жарнама
Жарнама

Жанкүйер күткен бұл кездесу біздің командаға ауыр соққы болды. "Қызыл-Сойқандар" алғашқы минуттардан-ақ ойын тізгінін өз қолына алып, есепті еселеп, сенімді жеңіске жетті. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы қорғаныста қателікке бой алдырып, ал шабуылда өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмады.

Матчтан кейін бас бапкер Али Алиев қызметінен кететінін мәлімдеді. Бұл шешім оның ойыннан кейінгі көңілсіз нәтижені мойындағанын көрсетті. Алиевтің тұсында құрама 5 матчтың тек бірінде ғана жеңіске жетті.

Осы жеңістен кейін Бельгия 10 ұпай жинап, турнирлік кестеде екінші орынға көтерілді. Топ көшбасшысы 11 ұпайы бар Солтүстік Македония. Уэльс 10 ұпаймен үшінші орында болса, Қазақстан небәрі 3 ұпаймен төртінші сатыға түсіп қалды. Лихтенштейнде әлі де бірде-бір ұпай жоқ.

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров