ФИФА қараша айындағы матчтардың қорытындысы бойынша ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды, Aladop.kz.
Бұл тізімде Қазақстан құрамасының орны өзгеріссіз қалды.
Қарашада Қазақстан ұлттық құрамасы екі кездесу өткізді. Олардың бірі — 15 қарашада өткен 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі топтық соңғы матч. Бұл ойында Талғат Байсуфиновтың командасы көптеген жанкүйерлер күтпеген нәтижеге қол жеткізіп, топ фавориті — Бельгия құрамасымен 1:1 есебімен тең түскен.
Осындай сенсациялық нәтиже тіркелгенімен, ФИФА рейтингінде өзгеріс болмады. Қазақстан ұлттық құрамасы 115-орынды сақтап қалды.
Тізімді Испания көшбастап, Аргентина және Франция құрамалары үздік үштікті түйіндеді.
Біздің серіктес: FONBET